"Семей орманы" оқиғасынан кейін орманшылардың жалақысы қаншалықты өсті

Фото: akorda.kz
Экология және табиғи ресурстар министрінің бірінші орынбасары Нұркен Шәрбиев 2026 жылғы 9 маусымда орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер одан "Семей орманы" резерватындағы қайғылы өрттен кейін орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өсті ме деген сұрақ қойды.

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022-2024 жылдар аралығында барлық азаматтық қызметшілердің жалақысы екі есеге, яғни 100 пайызға арттырылған.

"Сонымен қатар орман өрт сөндіру станцияларындағы қауіпті еңбек жағдайларына байланысты өртті сөндіруге қатысатын барлық қызметкерлерге 100 пайыздық үстемақы қарастырылған. Қазіргі орташа жалақы көлемі мынадай: өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі – шамамен 275 мың теңге (еңбек өтіліне байланысты), орман өрт сөндіру станциясының басшысы – 355 мың теңге, орман өрт сөндірушісі – 250 мың теңге алады. Ал орман алқаптарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік инспекторлардың жалақысы бұдан да жоғары", – деді Нұркен Шәрбиев.

Сондай-ақ ол қауіпті еңбек жағдайлары үшін берілетін 100 пайыздық үстемақы барлық қызметкерлерге бірдей төленбейтінін айтты.

"Бұл үстемақы әкімшілік қызметкерлерге, маусымдық негізде жұмысқа тартылатын жұмысшыларға, бухгалтерлер мен экономистерге берілмейді. Олардың орташа жалақысы шамамен 150-160 мың теңгені құрайды. Бұл – орман питомниктерінде еңбек ететін қызметкерлердің ең төменгі жалақы деңгейі", – деп толықтырды вице-министр.

Еске салсақ, 2023 жылғы 8 маусымда Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында ірі орман өрті шыққан болатын. Келесі күні үш орманшының қаза тапқаны белгілі болды. Ал 10 маусымда Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмғандардың саны 14 адамға жетті. Орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстанда 2023 жылғы 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті өкімге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды