Экология министрлігі жасанды жаңбырдың егінге зияны жоқ екенін мәлімдеді

Фото: pixabay
Экология және табиғи ресурстар министрінің бірінші орынбасары Нұркен Шәрбиев 2026 жылғы 9 маусымда Үкіметтегі брифингте жасанды жаңбырдың егінге ықтимал әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер оған Түркістан облысындағы бақша шаруашылығымен айналысатын фермерлердің шағымын жеткізді. Олар жасанды жаңбырдан кейін қауын өнімінің 80 пайызы шіріп кеткенін айтқан.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта бұл технология бойынша сынақтар әлі жүріп жатыр, сондықтан нақты қорытынды жоқ.

"Негізгі оператор – Цифрлық даму министрлігі, сонымен қатар "Қазгидромет" РМК-да қатысып отыр. Әзірге нақты бір нәрсе айтуға ерте, бірақ мұндай кері әсер жоқ", – деді Нұркен Шәрбиев.

Бақша өсірушілердің айтқан уәждеріне қатысты ол бұл жағдайды табиғи жауын-шашынмен байланыстырды.


"Дәл сол уақытта біздің өңірде күшті найзағайлы фронт жүріп өтті, яғни тек табиғи жаңбыр болды", – деп толықтырды вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда "жасанды жаңбыр" технологиясын іске қосу жоспарланғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды