жаңбыр, бұршақ және +38 градус ыстық: 10 маусымда ауа райы құбылмады болады

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 10 маусым, сәрсенбі күнгі Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Жетісу және Абай облыстарында ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Бұдан бөлек, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Ал Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды