Энергетика министрі бензин бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 10 маусымда Мәжіліс кулуарында бензин бағасының өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бензин бағасы небәрі 3-4 теңгеге қымбаттаған.

"Бізде мемлекеттік баға реттеуі алып тасталған. Бағаны ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс айқындайды. Мендегі ақпарат бойынша, баға 3-4 теңгеге ғана өсті. Сондықтан бензиннің 10 теңгеге қымбаттағаны туралы айтқандарыңыз шындыққа жанаспайды", – деді Ақкенженов.

Министр жаз бойы жанармай бағасының өсу үрдісі жалғаспайтынына кепілдік бере алмайтынын айтты. Дегенмен, ведомство жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.

"Тағы да қайталаймын, бәрі ішкі сұраныс пен ішкі ұсынысқа байланысты. Біз нарықты реттемейміз. Егер нарық қатысушылары қазіргі жағдайда әділ баға 3-4 теңгеге көтерілуі керек деп келіссе, сол бағаны белгілейді. Бұл – нарықтық баға. Қазір мұнай бағасы шарықтап өсіп жатқан жоқ. Ол бір баррель үшін 93,5 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтады. Қазақстандықтарды сабырға шақырғым келеді: Энергетика министрлігі жағдайды жіті бақылап отыр және оны ушықтырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", – деп қосты министр.

Бұған дейін полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады