Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Сурет: БҚО әкімдігі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысы Сюй Куньлиньмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос тарап екі ел көшбасшыларының басшылығымен Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Бүгінде өңіраралық байланыстар, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Сюй Куньлинь шақыруды қабыл алғаны үшін аймақ басшысына ризашылығын білдірді. Ол былтыр Цзянсу провинциясында басталған екіжақты таныстықтың нәтижелі болғанын тілге тиек етіп, бұл серіктестік алдағы уақытта тұрақты әрі серпінді жалғасатынына сенім білдірді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей шетелдік инвестиция тарту және инвестициялық тартымдылықты арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес аймақта ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

"Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының стратегиялық серіктестігі беки түсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша біздің өңір мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 175 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Цзянсу провинциясында Халық Үкіметінің төрағасы болғаныңызда сізбен кездесіп, бірқатар бағыт бойынша келісімдерге келген едік. Соның аясында нақты жобалар іске асырылып жатыр. Таяу арада Ляонин провинциясымен де тұрақты байланыс бекиді деген сенім мол", – деді Нариман Төреғалиев.

Аймақ басшысы Батыс Қазақстан облысының логистикалық әлеуеті мен инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды