Қазақстанда киік етіне сұраныс жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сурет: wikimedia
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 11 маусымда Үкіметтегі брифинг барысында киік етіне деген сұраныс туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Шенеунік қазіргі уақытта елде киік етіне айтарлықтай сұраныс жоқ екенін мойындады.

"Өкінішке қарай, қазіргі уақытта киік етіне үлкен сұраныс жоқ. Өңдеу кәсіпорындарында "тауардың артық жиналуы" байқалып отыр", – деді Сұлтанов.

Ол жағдайға түсініктеме беріп өтті.

"Бұл ең алдымен Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар популяциясын қалпына келтіру бойынша өзіне алған шектеулерімен байланысты. Біз Экология министрлігімен, Сауда министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өткізу арналарының аясын кеңейту үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұсынылған баға өзгерген жоқ. Сонымен қатар біз өңдеу кәсіпорындары ретінде ұсынған ет комбинаттарының саны да сол күйінде қалып отыр", – деді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда киік етінен консерві өндіріле бастағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды