Оралда бұрынғы ғашықтар арасындағы жанжал әкімшілік қамаумен аяқталды

Фото: pexels
9 маусым күні Орал қаласында орналасқан медициналық клиникалардың бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы полицияға хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекеме қызметкерінің айтуынша, жұмыс орнына бұрынғы жігіті келген. Ол мәселені сабырлы түрде талқылаудың орнына жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, клиника қызметкерлері мен келушілердің тыныштығын бұзған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Тексеру барысында ер адамның жанжал кезінде қолында сырт келбеті тапаншаға ұқсас зат болғаны белгілі болды. Алайда жүргізілген тексеру нәтижесінде оның ойыншық екені анықталып, ешқандай қауіп төндірмейтіні расталды.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Полиция кез келген жанжалды тек заң аясында шешу қажет екенін, қоғамдық тәртіпті бұзу мен агрессиялық әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты