Алматы тұрғындарына аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды

Фото: Zakon.kz
Алматыда 2026 жылғы 27 маусым, сенбі күні аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 26 маусымда қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарға қатысты "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сүйене отырып, қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"27 маусым күні Алматыда күндіз ауа температурасы +35...+36°C-қа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты ТЖД тұрғындарға мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

Сонымен қатар Бостандық және Медеу аудандарының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз