Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Сурет: pixabay.com
Журналистердің кәсіби мерекесіқарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Dara" Президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров медиа мамандарын мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚқызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Бұл игі жобаның биылғы ерекшелігі –пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда, сонымен қатар еліміздің барлық облысында да берілетін болды. Мұндағы мақсат – өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау. Мереке қарсаңында облыстық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сондай-ақ республикалық БАҚ-тардың жергілікті тілшілері қоныс тойын тойлағалы жатыр. Тіпті орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, бұл жолы Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратынәріптестеріміз үйлі болмақ", – деді Айбек Смадияров.

Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі. Оның ішінде Астана қаласында –15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.

Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын "Dara" Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.

Атап өтерлік жайт, өткен үш жылдаПрезидент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті