Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылуы мүмкін

Фото: Zakon.kz
Қазақстан бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға қойылған тыйымды тағы алты айға ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеп, оны қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жариялады.

Жаңа құжатқа сәйкес, республиканың аумағынан жекелеген мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігі арқылы экспорттауға қатысты қолданыстағы шектеулердің мерзімі ұзартылмақ.

"2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін бензин, дизель отыны және жекелеген мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға тыйым енгізіледі", – делінген құжатта.

Енгізілетін барлық шектеу алты ай мерзімге есептелген.

Сонымен қатар бұйрық жобасында бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда, тыйым гуманитарлық көмекке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдері негізінде жүзеге асырылатын отын-энергетикалық ресурстарды жеткізуге қолданылмайды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне деген сұранысты толық өтеу мақсатында қабылданып жатыр.

Нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша қоғамдық талқылау ресми порталда биылғы 21 шілдеге дейін жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Көршілері шағым түсірген: Астана тұрғыны мерекелік тосынсыйы үшін айыппұл арқалады

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді