Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жолдың кей бөлігінде қозғалыс шектеледі

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда Медеуден Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасып жатыр. Жобаны Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша мердігер ұйым жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, оның мақсаты – коммуналдық жүйелердің сенімділігін арттыру және туристік инфрақұрылымды дамыту.

Жоба аясында ұзындығы 5,7 шақырым болатын орта қысымды газ құбыры мен 2,7 шақырым кәріз желісін салу көзделген. Бұл жоба аталған бағыт бойында орналасқан нысандарды, соның ішінде Шымбұлақ тау шаңғысы курортының аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті. Газ құбырының алғашқы учаскелерін орнату, кәріз желілерін тарту және темірбетон құдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инженерлік желілердің құрылысын 2026 жылы қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

"Барлық жұмыс жобалық құжаттамаға, құрылыс нормаларына және экологиялық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Әсіресе, табиғи ландшафты сақтауға және қоршаған ортаға келетін әсерді барынша азайтуға ерекше көңіл бөлінген", – делінген хабарламада.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде жолдың кей бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіліп, арнайы техникалар жұмыс істеуі мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады