Қазақстандық Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстап алды

Сурет: instagram.com/shayekin_ruslan
Қазақстандық Руслан Шаекин Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстап алды. Балықтың жасы шамамен 85-100 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Шаекин өзінің олжасын әлеуметтік желіде бөлісіп, бұған командасымен бірге қол жеткізгенін айтты.

"Әлемдегі ең ірі ақ бекірені Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы Фрейзер өзенінен аулауға болады. Біз дәл осы жерге олжа үшін келдік. Бүгін арманымыз орындалды", – деді ол.

Балықшы ұстаған ақ бекіренің:

Руслан Шаекиннің айтуынша, бұл көрсеткіштерге сәйкес балықтың салмағы шамамен – 300-350 келі. Ал жасы 85-100 жыл деп болжанған. Өйткені балықта чип болмаған, яғни бұған дейін ешқашан ауланбаған.

"Мұндай алып олжаны қолға түсіру – үлкен бақ. Мұнда бәрі маңызды: сәттілік, қолайлы маусым, жаныңдағы сенімді адамдар және ең бастысы – мақсатыңа деген сенім. Біздің гид бес жасынан бері балық аулайды. Өткен жылдың өзінде Фрейзер өзеніне 185 күн шыққан. Соған қарамастан, оның өмірінде ұзындығы үш метрден асатын бұл – небәрі екінші бекіре. Ол да ерекше қуанып тұр. Қасымнан табылған жігіттерге алғыс айтамын. Арманыңа жетіп, алға қойған мақсатыңды орындаудың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес", – деді Руслан Шаекин.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін