Ақтөбеде әскери қызметшіні соққыға жыққан сержант сотталды

Фото: pixabay
Ақтөбеде әскери қызметшіні соққыға жыққан сержантқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Әскери сотының мәліметінше, сержант әскери қызметшінің денсаулығына зиян келтірген қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп айыпталған.

"Мерзімді әскери қызметшілерге жауапты болған сержант олардың біріне дене жарақатын салып, салдарынан оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген. Прокурор сотталушыны бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінді. Азаматтық талапты ішінара ғана мойындап, жәбірленушінің пайдасына тек өкілдің қызметіне төленген сот шығындарын өндіруді сұрады. Ал жәбірленуші соттан айыпталушыны заңға сәйкес жазалап, азаматтық талапты толық қанағаттандыруды өтінді", – делінген Қазақстанның Әскери соты таратқан хабарламада.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты сержантты Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны бір жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың мәліметінше, сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптама қорытындысымен, жәбірленуші, куәлар мен сарапшының айғақтарымен дәлелденген.

Сот шешімімен жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 700 мың теңге және өкілдің қызметіне жұмсалған сот шығындары ретінде 900 мың теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін