Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кете жаздады

Сурет: polisia.kz
Оралда полицейлер 4 жасар баланы қауіптен аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін сағат 14:10 шамасында "102" арнасына Орал қаласындағы Мөңкеұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтер терезесіне шығып кеткен кішкентай бала туралы шұғыл хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына жақын маңда болған Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкері Рысбек Агзамов қызметтік кезекшілікке бара жатқан. Сол сәтте ол көмек сұрап айқайлаған әйелдің дауысын естіп, жоғары қарағанда терезеде тұрған баланы байқаған. Полицей уақыт жоғалтпастан бірден көмек көрсетуге ұмтылды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкері Рафаэль Ишакаев та келіп, құтқару жұмыстарына қосылды.

Сондай-ақ осы үйде тұратын Орал қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының полиция жүргізушісі Батырбек Сейітов түскі үзілісте болған. Ол жағдайды естіп, үйінен қажетті құралдарын алып шығып, құлыптаулы пәтердің есігін ашуға көмек көрсетті.

Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға кезінде баланың анасы қысқа уақытқа сыртқа шығып кеткен. Бала пәтерде жалғыз қалған. Аталған дерек бойынша баланың ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты