Қазақстанның бес өңірінде бір күнде 5 орман өрті тіркелді

Сурет: ШҚО әкімдігі
2026 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология министрлігінің мәліметінше, өттер Қостанай және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында және "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеу қызметі мен ерте анықтау жүйелері арқылы анықталған. Осыдан кейін орман күзеті мен әуе өрт сөндіру десанттары жедел түрде оқшаулау жұмыстарына кіріскен.

Өртті сөндіруге арнайы техника мен тікұшақтар жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық өрт ошақтары айналаға таралу қаупінсіз қысқа мерзімде толық сөндірілді.

Ведомство алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық күтілетінін ескертіп, өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді