25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Фото: Zakon.kz
Петропавл қаласының аса ауыр қылмыстар үшін сотталған тұрғынына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы ол сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана ТВ" телеарнасының 2026 жылғы 13 шілдедегі мәліметінше, 62 жастағы ер адам кінәсі дәлелденсе, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға Рабочий кентіндегі айналма жол маңындағы орман алқабында болған.

Таңғы сағат 11 шамасында 54 жастағы әйел саяжайдан велосипедпен қайтып келе жатқанда, алдынан бейтаныс ер адам шығып, оған шабуыл жасаған. Тергеу мәліметінше, күдікті әйелді ұстап алып, сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеуге тырысқан. Алайда жәбірленуші оның қолынан сытылып шығып, полицияға хабар берген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталды. Әйел шабуыл жасаған адамның денесіндегі ерекше тыртықты есінде сақтап қалған. Осы белгі арқылы оның жеке басы анықталды. Ол – бұған дейін бірнеше рет сотталған Валерий Кричиневский.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Азат Құсайыновтың айтуынша, жәбірленушінің арызынан кейін күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін, оның берген сипаттамасы бойынша күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деді Азат Құсайынов.

Белгілі болғандай, Валерий Кричиневский 1999 жылы 1990-жылдары жасаған аса ауыр қылмыстары үшін сотталған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол әйелдерге қаланың шетінде, саяжай алқаптарында және қараңғы көшелерде шабуыл жасаған. Жәбірленушілерді ұрып-соғып, тонап, оларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Іс бойынша барлығы 11 эпизод тіркелген.

Оның соңғы құрбаны жеті жасар қыз болған. Күдікті балаға 13 жерден пышақ жарақатын салып, аса қатыгездікпен өлтірген. Осы қылмыстары үшін ол 25 жылға бас бостандығынан айырылған.

2024 жылы жазасын толық өтеп шыққаннан кейін бостандыққа шыққан. Қазір күдікті екі айға қамауға алынды. Егер кінәсі дәлелденсе, оған бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды