Алакөлдегі оқыс жағдай: Есінен танып қалған туристке алғашқы көмек көрсеткен кім

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
2026 жылғы 13 шілдеде Алакөл жағалауында есінен танып, тыныс алуы қиындаған жас жігітке сол маңдағы ЖҚАЖ аға инспекторы, полиция капитаны Асланбек Абдельдинов дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ес-түссіз жатқан жас жігітті көрген ЖҚАЖ қызметкері абдырап қалмай, дереу реанимациялық шараларға кіріскен. Соның арқасында көп ұзамай жігіт өздігінен тыныс ала бастаған. Бүгінде ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Құзырлы орган өкілдері сын сағаттағы батыл әрекеттің артында жылдар бойғы дайындық тұрғанын да атап өтті.

"2024 жылы Асланбек тактикалық медицина және шұғыл көмек көрсету бойынша Tactical Care and Life Support арнайы 24 сағаттық курсынан өткен. Әр минут маңызды болған сәтте дәл осы білім мен дағдылар қажет болды",- делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Асланбек Абдельдинов небәрі 28 жаста. 2020 жылдан бері полиция қатарында қызмет етеді, бала кезінен спортпен айналысады, кудодан спорт шеберлігіне кандидат және жекпе-жек өнері бойынша кәсіби дайындығы бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады