Семейдегі көпірде қауіпті фотосессия жасаған ақтөбелік әйел полицейлердің назарына ілікті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Семейде полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол бөлігінде фотосессия ұйымдастырған 35 жастағы ақтөбелік әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба көпшіліктің алаңдаушылығын туғызды. Кадрларда әйелдің көлік қозғалысына қарамастан, қараңғы уақытта жолдың үстіне жатып, камераға суретке түсіп жатқанын көруге болады.

"Әйелге қатысты жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды",- деп мәлімдеді полицейлер.

Полиция азаматтарды әсерлі кадрлар мен әлеуметтік желідегі танымалдық үшін өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.

"Ешбір лайк пен бейнежазба адам өміріне татымайды",- деді мамандар.

Бұған дейін Елордада көшеде киімсіз серуендеген ер адам ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін