Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Павлодар облысы әкімінің өкімімен Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымына Серік Төленбергенов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Төлеуғалиұлы 1974 жылы туған. "Қаржы және несие", "Құқықтану" және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда көп жылдық еңбек тәжірибесі бар. Әр жылдары Риддер қаласы әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшысы, Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары және орынбасары қызметтерін атқарған.

2024-2025 жылдары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің орынбасары, ал 2025-2026 жылдары Абай облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Жаңа қызметінде Серік Төлеуғалиұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, сондай-ақ азаматтық қорғау салаларына жетекшілік ететін болады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты