Алматыда жүгіру эстафетасына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда 18 шілде, сенбі күні Summer Relay жазғы кешкі эстафетасы өтеді. Осыған байланысты қаланың бірқатар орталық көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың сөресі мен мәресі – "Астана" алаңы. Эстафета бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері және Абылай хан даңғылы арқылы өтеді.

Жарыс бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері мен Абылай хан даңғылы арқылы өтеді. Қатысушылар Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, "Алматы" қонақ үйі, Жамбыл Жабаев ескерткіші, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, сондай-ақ Темірбек Жүргенов ескерткішінің жанынан жүгіріп өтеді.

Жарысқа байланысты көлік қозғалысына мынадай уақытша шектеу енгізіледі:

Жарыс бағдарламасы сағат 18:00-де балалар жарысымен басталады. Сағат 20:00-де 2 шақырымдық жүгіру, ал 21:00-де Summer Relay негізгі эстафетасы өтеді.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеуді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы