Жаңа рекорд: Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында төрт медаль иеленді

Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Литваның Вильнюс қаласында 37-ші Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2026) өз мәресіне жетті. 12-19 шілде аралығында өткен әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың біріне 84 елден 330-дан астам дарынды жас биолог қатысты.

Олимпиада барысында қатысушылар күрделі теориялық тапсырмалармен қатар, терең білім мен зерттеушілік дағдыларды талап ететін зертханалық тәжірибелерді де сәтті орындады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 1996 жылы қол жеткізілген ұлттық құраманың Халықаралық биология олимпиадасындағы үздік нәтижесін қайталады.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Құрама команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары:

Халықаралық биология олимпиадасы 1990 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1994 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама төрт қола медаль жеңіп алса, 2026 жылы 1996 жылғы үздік нәтижені қайталап, қазақстандық оқушылардың әлемдік деңгейдегі жоғары даярлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты