Қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертілді

Фото: pixabay
Қазақстандықтарға жеке деректер мен қаржыны кибералаяқтардан қалай қорғауға болатындығы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2026 жылғы 21 шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау үшін цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды.

Ведомство атап өткендей, ең көп таралған киберқауіптер қатарында фишингтік шабуылдар, залал келтіретін бағдарламалық қамтамасыз ету, құпиясөздерді іріктеу және әртүрлі алаяқтық схемалар болып қала береді.

Ерекше қауіп төндіретіні – жасанды интеллект технологиялары. Қаскөйлер оларды шынайы көрінетін фишингтік хабарламаларды, сондай-ақ дипфейктерді – жалған дауыстық және бейнежазбаларды жасау үшін пайдаланады.

Киберқауіптерден қорғану үшін мынадай қарапайым қағидаларды сақтау ұсынылады:

Сондай-ақ, ведомство ақшаны шұғыл аударуды немесе құпия ақпаратты хабарлауды сұрайтын өтініштерге сенбеуге шақырады.

"Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қандай да бір бағдарламаларды орнатпаңыз, күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда ұйыммен оның ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз хабарласыңыз. Сондай-ақ, құрылғыларыңыздың және банктік сервистердің қауіпсіздігін тұрақты түрде бақылап, қосылған қолданбаларды және операциялар бойынша хабарламаларды тексеріп отырыңыз",- делінген құзырлы орган ақпаратында.

Бұл ретте, жеке деректеріңіздің жария болып кету қаупі туындаған жағдайда, құпиясөздеріңізді дереу өзгертіңіз, банк картаңызды немесе қашықтан банктік қызметтерге қолжетімділікті бұғаттаңыз, банкке хабарлаңыз және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Агенттік атап өткендей, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қызметкерлері телефон арқылы банк картасының деректемелерін, растау кодтарын, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты сұратпайды.

Бұған дейін пошта қызметтерін ұсыну ережелері өзгергенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек