Қазақстанда аптап ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +38°С-қа дейін төмендейді

Фото: unsplash
Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2026 жылғы 22 шілдеде қатты ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы +38°С-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, күндіз қатты ыстық:

"Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жаууы, дауыл болуы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болжанады. Түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар кей өңірлерде өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:

Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында, Ұлытау және Абай облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының батысы, шығысы және орталығында, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысы, оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Төтенше өрт қаупі бар аймақтар:

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында, Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы және орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болжанады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады