Қадағалау органының мәліметінше, олардың 27-сі қылмыстық, ал 106-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Көп борышкер бірнеше жыл бойы алимент төлеуден жалтарып, табысын жасырған және өз міндеттемелерін орындамау үшін ресми түрде жұмысқа орналаспай жүрген.
Прокуратураның мәліметінше, борышкерлердің бірі кәмелетке толмаған екі баласына 3 миллион теңгеден астам алимент қарыз болған.
Тексеру нәтижесінде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот ер адамды кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол алимент бойынша берешегін толық өтеген.
Жалпы, биылғы алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша прокуратураның ықпалымен 95 миллион теңгеден астам алимент қарызы өндіріліп, 395 кәмелетке толмаған баланың құқығы қорғалған.