Жұмада елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 шілдеде елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде сақталады, облыстың батысында күтіледі. Төтенше өрт қаупі облыстың солтүстік-шығысында сақталады, облыстың орталығында күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Қонаевта өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 24 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды