Қазақстанда ең сирек кездесетін жыртқыш құстың балапаны табылды

Сурет: pixabay
Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстандағы жыртқыш құстардың арасында ең сирек кездесетін тазқараның балапаны табылды. Бұл туралы ұлттық парк баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, балапан ғылыми қызметкерлер, орманшылық бөлім басшысы және мемлекеттік инспекторлары бірлесіп жүргізген далалық мониторинг жұмыстары барысында табылды.

Тазқара табиғаттағы санитарлық қызмет атқарып, өлекселерді жою арқылы экожүйенің тазалығын сақтауға маңызды үлес қосады. Бұл құс көбіне адам аяғы сирек баратын биік жартастарға ұя салып, жылына бір ғана балапан өсіреді. Сондықтан әрбір аман өсіп келе жатқан балапан – түрдің табиғи популяциясын сақтаудағы маңызды көрсеткіш.

Балапанның өсіп-жетілуін және ұя маңындағы жағдайды үздіксіз бақылау мақсатында мамандар ұя аумағына фототұзақ орнатты. Ол арқылы ата-анасының қорек әкелуі, балапанның өсуі мен ұя маңындағы жағдай тұрақты түрде ғылыми бақылауға алынуда.

Сонымен қатар, алдағы уақытта балапанның қоныс аудару бағытын, тіршілік ету аумағын және таралу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында оған GPS спутниктік таратқышын (трекер) орнату жоспарланып отыр.

Бұған дейін сирек кездесетін қоңыр аюдың жабайы табиғатқа тигізер пайдасы қандай екенін жазғанбыз,

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді