Қазақстанда бір күнде төрт орман өрті тіркелді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде төрт орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт ошақтары бірнеше өңірде анықталған. Атап айтқанда, "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – бір, "Катон-Қарағай" ұлттық паркінде – бір, ал "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында екі өрт болған.

Мамандардың мәліметінше, өрттер мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің бақылауы және жедел анықтау жүйелері арқылы анықталған. Орман қызметкерлері мен арнайы техникалар дереу жұмылдырылып, өрт ошақтары қысқа уақытта оқшауланған. Соның арқасында жалынның таралу қаупі жойылған.

Алдын ала болжам бойынша, орман өрттеріне найзағай разрядтары себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта елімізде найзағайлы ауа райы сақталуына байланысты орман өрттерінің алдын алу және жою жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік орман күзеті мен "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің қызметкерлері әуе патрульдеуін және орман алқаптарын бақылауды жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады