Тортқа жасырылған телефон: Павлодар облысында сәлемдемеден тыйым салынған зат табылды

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №63 мекемесінде тергеу изоляторының аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталуғанға арналған сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері тортты мұқият қарап шыққан. Тексеру кезінде кондитерлік өнімнің ішінен айлакерлікпен жасырылған ұялы телефон, екі SIM-карта және USB сымы табылып, тәркіленді.

Сәлемдемені Павлодар қаласының тұрғыны мекемеде қамауда отырған танысына әкелген. Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданатын болады.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, тыйым салынған заттарды азық-түлікке жасырып өткізу әрекеттері ара-тұра кездесіп тұрады. Дегенмен барлық сәлемдемелер міндетті түрде мұқият тексерістен өтетіндіктен, мұндай заңсыз әрекеттер дер кезінде анықталады.

"Кейбір азаматтар тыйым салынған заттарды азық-түлікке жасыру арқылы мекеме қызметкерлерін алдаймыз деп ойлайды. Алайда әрбір сәлемдеме жан-жақты тексеруден өтеді. Заңсыз заттарды өткізудің кез келген әрекеті міндетті түрде анықталып, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деді №63 мекемесі бастығының орынбасары Александр Тюменцев.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті телефондардың мекемелер аумағына алып өтуге тыйым салынған заттар қатарына жататынын еске салады. Осындай құқық бұзушылықтарға жол берген азаматтар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді