Қазақстанда бір тәулікте орман қорында үш өрт тіркелді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 25 шілдеде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрттің екеуі "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болған. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды.

"Орманшылар мен әуе десанты қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде өртті оқшаулау шаралары жедел жүргізілді", – делінген хабарламада.

Ал "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында найзағайдың түсуінен аз аумақты қамтыған өрт шыққан. Министрліктің мәліметінше, тілсіз жау қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушылар мен орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты