Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Фото: Zakon.kz
Алматының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері 40 жастағы әйелдің өлімінің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзі тұрған көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнын тексеру барысында тергеу-жедел тобы пәтерден тергеу үшін маңызды материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерттелетін жазбаны тапқан.

Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, қайғылы жағдайдың ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, араласқан ортасын және оқиғаға дейінгі басқа да жағдайларды зерттеуде.

Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды