Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттар елдің батысы, солтүстігі және шығысында ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс пен шығыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады
Сонымен қатар кейбір аудандарда бұршақ түсуі мүмкін.
Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Айта кетейік, елдің басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысында ауа температурасы +40...+41°C-қа дейін көтеріледі.
Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Абай облысының оңтүстігі мен Ақтөбе облысының шығысында ауа температурасы +35...+39°C болады.
Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа +38°C-қа дейін қызса, Қызылорда және Түркістан облыстарында термометр бағандары +40...+44°C-ты көрсетеді.