Ғалым Күлекеев Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Сурет: Жоғарғы сот
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы лауазымына Ғалым Күлекеев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің судьялар корпусына жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев таныстырды.

Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша, Ғалым Күлекеевтің сот жүйесінде тәжірибесі мол, судьялар қауымдастығы арасында зор беделге ие және мінсіз кәсіби абыройымен танылған. Ол Қарағанды облыстық соты алдағы уақытта сот төрелігінің сапасын одан әрі арттырып, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етіп, қоғамның сот билігіне деген сенімін нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді. Сондай-ақ өңірдің судьялар корпусының алдына бірқатар басым міндеттер қойылды.

Асламбек Мерғалиев Қарағанды облыстық сотының бұрынғы төрағасы, құрметті демалысқа шыққан Ерден Әріповке облыстың сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Ғалым Күлекеев құқық және экономика салалары бойынша жоғары білім алған. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотында бастаған. Кейін Жамбыл облысындағы Жамбыл аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып, одан соң Жамбыл облыстық сотының судьясы болды. 2024 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады