Ведомство ең алдымен аккаунт қауіпсіздігін күшейту үшін екі сатылы тексеруді қосуды ұсынды.
- WhatsApp қосымшасын ашыңыз,
- "Баптаулар" бөліміне өтіңіз,
- "Аккаунт", одан кейін "Екі сатылы тексеру" бөлімін таңдап, "Қосу" батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ, алты таңбалы PIN-код орнатып, қолжетімділікті қалпына келтіруге арналған электрондық пошта мекенжайын енгізу керектігі атап өтілді.
"Орнатылған PIN-кодты ешкімге хабарламаңыз".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ аккаунтыңызға қосылған құрылғыларды тұрақты түрде тексеріп отыру қажет екені жайлы да айтылды.
"Ол үшін мәзірді (оң жақ жоғарғы бұрыштағы үш нүкте) ашып, "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін таңдаңыз және қосылған құрылғылар тізімімен танысыңыз. Егер өзіңізге белгісіз құрылғыны байқасаңыз, оны таңдап, "Шығу" пәрменін басу арқылы қолжетімділікті дереу тоқтатыңыз".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Мамандардың айтуынша, аккаунтыңыздың бұзылғанын білдіретін негізгі белгілерге белгісіз құрылғылардың қосылуы, сіздің қатысуыңызсыз хабарламалардың жіберілуі, таныстарыңыздан сіздің атыңыздан күмәнді өтініштердің келіп жатқаны туралы хабарламалар, өзіңіз сұратпаған растау кодтарының SMS арқылы келуі, сондай-ақ аккаунттан өздігінен шығып кету жатады.
"Растау кодтарын ешкімге бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың нұсқауымен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Егер де акккаунтыңыздың бұзылу белгілері анықталған жағдайда, оны қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдап, құқық қорғау органдарына жүгіну керектігі ескертілді.
- WhatsApp мессенджерінде рұқсатсыз белсенділік анықталған жағдайда "Байланыстырылған құрылғылар" бөліміндегі барлық белсенді сеанстарды дереу аяқтап, екі сатылы тексерудің PIN-кодын өзгертіңіз және аккаунтыңыздың бұзылуы мүмкін екендігі туралы байланыстағы адамдарды хабардар етіңіз.
"Егер танысыңыздан шұғыл түрде ақша аударуды сұраған хабарлама келсе, міндетті түрде оған телефон арқылы немесе басқа байланыс құралы арқылы хабарласып, хабарламаны шынымен сол адамның өзі жібергеніне көз жеткізіңіз". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанада дүркіретіп отшашу атқан тұрғын қамауға алынғанын жазғанбыз.