Алматыдағы әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында жылдамдық 60 км/сағ-қа дейін төмендетіле ме

Фото: pexels
Алматы полициясы 2026 жылдың 10 тамызында әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автомобиль жолының кей учаскелерінде көлік қозғалысының ең жоғары жылдамдығын сағатына 60 километрге дейін төмендету мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір мұндай шектеу Саин көшесінің Рысқұлов көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да пилоттық режимде енгізілген.

"Әзірге бұл тәжірибені барлық жерде қолдану мәселесі қарастырылып отырған жоқ. Біз оны жеке учаскеде сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл шешім жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерді талдау нәтижесінде қабылданды. Апаттардың және жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін осындай әдісті қолданып отырмыз", – деді Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның сөзінше, полиция әзірге жылдамдық режимін басқа жолдарға жаппай енгізуді жоспарламайды. Алдымен Саин көшесіндегі пилоттық жобаның нәтижесі күтіледі.

"Қалған учаскелердегі жылдамдық режимі бұрынғы қалпында қалды", – деді полиция департаментінің өкілі.

Еске салайық, Алматыдағы Саин көшесінің едәуір бөлігінде жылдамдық шегі 60 км/сағ-қа дейін төмендетілгені 3 тамызда белгілі болған еді. Кейін Алматы әкімдігі қаладағы жол қозғалысына қатысты жүргізіліп жатқан "жол эксперименттерінің" мақсатын түсіндірді.

Сондай-ақ Алматы полициясы 1 қыркүйекте күтілетін көлік кептелістерінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданатынын хабарлаған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы