Оқиға орнынан түсірілген кадрларды "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасы жариялады. Видеода жанжалға қатысушылардың бірі жерде жатқан әйелге жақындап, жанында полиция қызметкері тұрғанына қарамастан, оның бетінен қатты тепкенін көруге болады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жанжал сатып алушылар үшін таластан туындаған. Саудагерлер арасындағы дау олардың бір бөлігін арнайы жабдықталған базарға көшіргеннен кейін ушыққан.
Төбелес салдарынан зардап шеккен әйел жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін бір-бірін таныған.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді 10 тамызда облыстық полиция департаментінің өкілдері Zakon.kz тілшісіне.
Полиция тергеу нәтижесінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатынын мәлімдеді.