Ұлытау облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған алты кездесу өтті

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау ауданында қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған іс-шаралар ауданның түрлі әлеуметтік және кәсіби топтарын қамтып, жастармен, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен, музей және Ұлттық парк мамандарымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласының қызметкерлерімен, медицина мамандарымен және аудан тұрғындарымен ұйымдастырылды.

Кездесулерге Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысып, қоғам үшін өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамда адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыру.

Кездесулер барысында қаржылық алаяқтықтың заманауи түрлері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, күмәнді қаржылық схемаларға тартылудың қауіптері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтегі заңдылық пен адалдық мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастармен өткен кездесуде өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Жастарға қаржылық алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, заңсыз әрекеттерге тартылудың құқықтық салдары айтылды.

Музей және Ұлттық парк қызметкерлерімен өткен ақпараттық-танымдық кездесуде интернет-алаяқтықтан сақтану, қаржылық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Мансап және Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерімен кездесуде құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарын ұстану мәселелеріне тоқталды.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кездесуде мемлекеттік қызметтегі заңдылық пен адалдық қағидаттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік міндеттерді заң талаптарына сәйкес орындаудың маңызы сөз болды.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Медицина саласының мамандарымен кездесуде денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениетті нығайту бағыттары қамтылды.

Ал аудан тұрғындарымен өткен кең көлемді кездесуде азаматтардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріліп, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері ашық диалог форматында талқыланды.

Кездесулер барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу барысында заң талаптарын сақтау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

"Заң мен тәртіп" қағидатын қоғамда орнықтыру – құқық бұзушылықтың алдын алумен ғана шектелмей, азаматтардың заңға деген құрметін арттыруды, адалдық құндылықтарын қалыптастыруды және құқықтық мәдениетті күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейді.

Ұлытау ауданында өткізілген алты ақпараттық-түсіндіру кездесуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады. Мұндай кездесулер азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында ашық диалог орнатып, қоғамда заң үстемдігі мен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Есірткілік масаң күйде болған ер адам үйін кішігірім нарколабораторияға айналдырған

Бес баласы мен несиесі болса да: 18 жастағы қазақстандық қыз әкесін сот арқылы алимент төлеуге міндеттетті