Алматының кей аумағында 14 тамызда су өшеді

Сурет: ЖИ көмегімен жасалды
2026 жылдың 14 тамызында Алматының Бостандық ауданындағы кейбір учаскелерде су беру шектеледі. Осыған байланысты "Алматы Су" МКК қала тұрғындарына тұрмыстық техниканы пайдалануға қатысты маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматының Бостандық ауданында сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 13 тамыз сағат 21:00-ден 14 тамыз сағат 06:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру уақытша тоқтатылады", деп мәлімдеді комуналдық кәсіпорын өкілдері.

Су беру мына аумақтарда уақытша шектетіледі:

Сондай-ақ су беру қайта қалпына келтірілгеннен кейін су құбырлары желілерін шаюға байланысты судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін екені ескертілді

"Осы кезеңде тұрғындарға кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесіне қосылған басқа да құрылғыларды желілер толық шайылғанға дейін пайдаланудан бас тарту ұсынылады", деп хабарлайды "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2026 жылғы 30 шілдеде Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлынан құтылуға мүмкіндік берілген болатын. Ол туралы мына сілтемеден біле аласыздар.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады