"Бірнеше ұрттам ішкеннен кейін-ақ екі қыздың беті ісініп, тамағы жыбырлай бастаған. Ресейлік туристердің тыныс алуы қиындаған", — делінген 2026 жылғы 12 тамыздағы хабарламада.
Фото: Telegram/bazabazon
Қыздар дәріханаға жүгіріп барып, аллергияға қарсы дәрі сатып алған. Дәріні қабылдағаннан кейін олардың біреуінің жағдайы демде жақсарған. Алайда екіншісінің жағдайы керісінше нашарлай түскен. Ол ара-тұра тыныс ала алмай, денесіне бөртпе шыққан.
Сосын тұрғындар оларға көмекке келіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қыздың жағдайы қатты нашарлап кетпей тұрып, Квинке ісінуінің белгілерін бәсеңдетуге тырысқан.
Фото: Telegram/bazabazon
Апалы-сіңлілердің айтуынша, дәрігерлер оларға қымызға жедел аллергиялық реакция деген диагноз қойған. Алайда бұған дейін олардың басқа да сүт өнімдерін тұтынғанда мұндай реакциясы болмаға екен.
Дәрігерлер ресейлік туристерге тағы бірнеше күн бойы аллергияға қарсы дәрі қабылдауды ұсынған.
Оқиғаның Қазақстанның нақты қай қаласында болғаны белгісіз.
Бұған дейін Қазақстаннан тағы бір Ресей азаматы — Ксения Гузаеваның елден шығарылып, оған Қазақстанға бес жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Астана полициясының мәліметінше, желіде Fasoollka деген атпен танымал блогер әлеуметтік желілердің біріндегі тікелей эфир кезінде арандатушылық және әдепке қайшы пікірлер айтқан.