Ұшақ дәретханасында темекі шеккен шетелдік жауапқа тартылды

Сурет: polisia.kz
Алматыда көлік полицейлері әуе рейстерінде темекі шеккен бірнеше жолаушыны жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Сеул – Алматы бағытындағы рейспен ұшып келген 56 жастағы шетел азаматын анықтады. Жолаушы ұшу кезінде авиациялық қауіпсіздік талаптарын елемей, ұшақтың дәретханасында темекі шеккен. Ол рейс аяқталғаннан кейін тиісті акт бойынша полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Осыған ұқсас жағдай Алматы – Шымкент бағытындағы ішкі рейсте де тіркелді. Онда бірнеше шетел азаматы ұшу кезінде темекі шегіп, әуе кемесіндегі жүріс-тұрыс ережелерін бұзған.

Көлік полицейлері барлық құқық бұзушыны әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Полиция өкілдері әуе және теміржол көлігі нысандарында белгіленген талаптарды сақтау ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін еске салды.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе және теміржол инфрақұрылымы нысандарында 62 639 құқық бұзушылықтың жолын кескен.

Оның ішінде 4 575 жағдайда азаматтар алкоголь ішіп немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келген. Ал 2 835 құқық бұзушылық темекі шегуге салынған тыйымды бұзуға қатысты болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

Канье Уэстің досы Алматыдағы кештен кейін әсерімен бөлісті