Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматыда жеңіл рельсті көлік желісінің (ЛРТ) құрылысына байланысты автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Төле би көшесінің маңызды учаскелерінің бірінде екі түн қатарынан көлік қозғалысы толықтай жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қозғалыс 21 және 22 тамыз күндері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеледі.

Шектеу Төле би көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралығына қатысты болады.

"Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салайық 2026 жылғы 18 тамызда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың негізгі магистральдарын қала шекарасына дейін және одан әрі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (БАКАД) дейін жалғайтын жолдардың құрылысының барысын тексерген болатын.

Қала әкімі тиісті басқарма мен мердігер ұйымдарға жұмыстарды аяқтау мерзімдеріне қатысты тапсырмалар берді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты