Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында "Таза Қазақстан" аясында тазалық акциясы өтті

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жаңақорған–Шалқия автожолы бойында "Таза өлке – ортақ жауапкершілік" атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру және аудан аумағын көркейту.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық белсенді жас пен "Жаңарған Жаңақорған жастары" ұйымының мүшелері қатысып, ауданға кіреберіс саналатын Жаңақорған–Шалқия автожолында айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жастар тазалық пен тәртіпті сақтау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Белсенді жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетті.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұндай шаралар жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы