Орталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді

Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
2026 жылғы 22 тамызда "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы "Әліби" реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – халықаралық реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанға әкелінген жылқылардан алынған алғашқы төл. Еркек құлын туғаннан кейін көп ұзамай өздігінен аяғына тұрып, енесінің соңынан еріп, сүтін еме бастаған. Мамандардың бақылауы бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы.

Құлынның енесі – 2024 жылы Берлин Тирпаркінен Қазақстанға жеткізілген жеті жасар Тесса. Бұл – оның алғашқы төлі.

"Алғашқы құлынның дүниеге келуі жануарлардың Қазақстан даласының табиғи жағдайларына сәтті бейімделіп жатқанын көрсететін маңызды нәтиже. Бағдарламаның түпкі мақсаты – табиғи ортада өздігінен көбейе алатын Пржевальский жылқысының тұрақты популяциясын қалыптастыру". Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасы 2024 жылы басталды. 2024 жылы 7, 2025 жылы тағы 7, ал 2026 жылы 8 жылқы жеткізілді. 2029 жылға дейін Қазақстанға шамамен 40 жылқы әкелу жоспарланып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін