Дінмұхамед Қылышпаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Дінмұхамед Гайдарұлы Қылышпаев ведомствоның Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Астана университетін, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы "ОҚО ШОБ-ты құқықтық қорғау жөніндегі заңгерлер одағы" қауымдастығының заңгері болып бастады.

2009–2015 жылдары — "Тәуелсіз заңгерлер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2015–2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама басқармасының басшысы.

2018–2020 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті директорының орынбасары.

2020–2021 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары.

2021–2022 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін