Дауыс беру күні бойы Қазақстанның барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау учаскелерінде өтті. Ел бойынша 10 363 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны – 12 605 788 адам.
Бұл ретте Қазақстаннан тыс жерлерде сайлау әлі жалғасып жатыр. Шетелде жүрген азаматтар елдің дипломатиялық өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша дауыс беріп жатыр.
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелдегі 61 елде орналасқан Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанындағы барлық 79 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі ашылды.
11 елде дауыс беру аяқталды. Тіркелген 11 402 азаматтың 6 007-сі дауыс берген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.