Қазақстанда электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

Фото: Zakon.kz
25 тамыздан бастап Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Енді электрсамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 24 тамызда Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі еске салды.

Электросамокатпен жолдың жүріс бөлігінде тек 18 жастан асқан, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі мен қорғаныш дулығасы бар адамдарға жүруге рұқсат етіледі. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану қажет.

"Негізгі өзгеріс — электрсамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге тыйым салынады. Ал жолдың жүріс бөлігіне тек кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі мен қорғаныш дулығасы бар кәмелетке толған азаматтар ғана шыға алады", – деп атап өтті полиция.

Сондай-ақ электросамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға тыйым салынады. Ал жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде самокаттан түсіп, оны жаяу жетектеу қажет.

"Жалға берілетін электрсамокаттардың мемлекеттік тіркеу нөмірлері және міндетті сақтандыруы болуға тиіс. Кикшеринг компаниялары олардың техникалық жағдайын, жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға міндетті", – деп толықтырды полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін