Нөсер, бұршақ және +42°С-қа дейінгі аптап ыстық: 25 тамызда ауа райы қандай болады

Фото: pexels
Қазақстанда алдағы сейсенбі, 2026 жылғы 25 тамызда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Сонымен қатар ауа температурасы +42°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жариялаған синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжамында айтылған.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Елдің шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады", – делінген хабарламада.

Қазақстанның тек солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Республика бойынша жел күшейеді. Батыста шаңды дауыл соғады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Болжамға сәйкес, күндіз Қазақстанның төрт өңірінде аптап ыстық болады:

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғарылайды.

Жоғары өрт қаупі Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығы мен солтүстік-шығысында, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен шығысында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында сақталады.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында болжанады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді