Оқиға туралы ақпарат Halyqstan Telegram-арнасында жарияланды. Ресми емес мәлімет бойынша, заңға қайшы әрекеттер қыз алты жаста болған кезден басталып, бірнеше жылға созылуы мүмкін. Қазір оның жасы шамамен 13-14 жаста.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті қылмыстық істің тергеліп жатқанын растады.
"Осы факті бойынша Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы таңдалды", – деді 24 тамызда Zakon.kz тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарының толық кешенін жүргізіп жатыр.
Қылмыстық істің тергелу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған.