Шымкентте қоғамдық көлік картасының бағасы қымбаттайды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте 1 қазаннан бастап қоғамдық көлікте қатынасында қолданылатын жаңа картаның құны 800 теңге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-ның хабарлауынша, компания өкілдері мұны картаны дайындау, қызмет көрсету және логистикалық шығындардың өсуімен байланыстырып отыр. Ал қымбаттағанға дейін картаны алып үлгергендер үшін қазіргі баға сақталады.

Қазіргі таңда көлік картасының бағасы 550 теңгені құрайды. Алайда, 1 қазаннан бастап картаның бағасы 800 теңгеге көтеріледі.

"1 қазаннан бастап, көлік картасының бағасын 800 теңгеден етуге мәжбүрлі болып тұрмыз. Оның жасалуы, логистикалық шаралар, фотоны бетіне қою бар, сонымен қатар, қызметкерлердің айлығы бар. Бүкіл операциялфқ шығындарға байланысты көтеруге тура келіп тұр. Бұл тек Шымкент қаласында емес, Алматы, Астана қалаларында 800-1000 теңге аралығында. Бұл мәжбүрлі шара болып тұр. Сондықтан, қала тұрғындары мектеп оқушылар, студенттер, қазан айына дейін алып үлгерсе деп уақыт қойып тұрмыз". Ақылбек Ахметуәлиұлы, Smart Mobility ЖШС директоры

Десе де, картаны виртуалды түрде автобус косымшасы арқылы онлайн рәсімдеуге де мүмкіндік бар. Егер көлік картасын қолма-қол алатын болсаңыздар, тиісті құжаттарды жинақтап алып келген дұрыс. Мәселен, оқушылар үшін қаладағы мектепте оқитынын дәлеледейтін анықтама қажет.

"Біз неге анықтама сұратамыз? Біріншіден, Шымкент қаласының оқушыларына ғана жүруге арналған. Сол себептен сұратамыз. Бірақ, бізге Түркістан облысының ата-аналары келіп жатады. Біз ол кісілерге қарамаймыз. Егер мектеп Шымкент қаласында орналасқан болса, анықтаманы бір рет алып келеді. Жоғалтып алған жағдайда анықтама қайтадан қажет етпейді. Бір базаға бір рет енгізіп қойған соң, ол архивте сақталады. Біз қайтадан анықтама сұратпаймыз". Диана Ешболатова, Smart Mobility ЖШС директоры маманы

Ал, жалпы алғанда, Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 14 санаттағы азаматтарға қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы берілген. Олар, бұл жолаушылар көлік карталарын алып жүру қажет.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 200 мыңнан астам адам көлік картасын пайдаланады. Оның ішінде 80 мыңға жуығы мектеп оқушылары. Ал, күніне қоғамдық көлікпен 700 мыңға жуық азамат қатйнайды. Оның ішінде 100 мыңнан астамы көлік картасымен жолақысын төлесе, бірқатары ұялы байланыс операторлары, автобус, банк қосымшалары арқылы төлейді екен.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме