Павлодар облысында алимент төлемегендер бәс тігуге 600 млн теңге жұмсаған

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында алимент бойынша берешегі бар 279 азамат құмар ойындар мен букмекерлік бәс тігуге қыруар қаржы жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдан бастап алимент төлемеген борышкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынғанына қарамастан, өңірдің кейбір тұрғындары ойын шоттарын толықтыруды жалғастырған. Прокуратура жүргізген тексеру барысында мұндай шоттарға салынған қаражаттың жалпы сомасы 600 млн теңгеден асқаны анықталды. Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл ретте шығарылған қаражаттың жалпы сомасы 415 млн теңгені құрады. Анықталған азаматтардың 97-сі алимент төлеуден қасақана жалтарғандар болып шықты", – делінген хабарламада.

Анықталған барлық факті бойынша шаралар қабылданып жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Букмекерлік кеңселерге қатысты да тексеру жүргізілді.

Бұған дейін 2026 жылғы 26 тамызда Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы жас ұрпақты рухани дерттер мен теріс түсініктерден қорғау туралы айтқан болатын.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты