Санитарлық талаптарды бұзған мектептерге 44 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Фото: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова 2026 жылғы 28 тамызда ӨКҚ брифингінде мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сархат Бейсенованың айтуынша, маусым айында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілген. Бақылау 7121 мектепті, мектеп асханаларының 95%-ын, медициналық пункттердің 96%-ын және мектеп-интернаттардың 99,2%-ын қамтыды.

"Мониторинг нәтижесінде көптеген нысанда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Оларды жою үшін қаржы қажет. Атап айтқанда, инженерлік желілерді, шатырларды, желдету, жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ асханалар мен медициналық пункттерді жөндеу және оларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері бар", – деді ол.

Оның мәліметінше, заңбұзушылықтардың ең көп саны Түркістан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында анықталған.

"25 тамыздағы жағдай бойынша 7616 нысанға берілген нұсқамалардың 90,6%-ы орындалды. Нұсқамаларды уақтылы орындамағаны үшін 128 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 44,2 млн теңгеден асты. Сонымен қатар қазіргі уақытта бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексеру бойынша 619 нысанда жоспардан тыс тексеру жалғасып жатыр", – деп қорытындылады Сархат Бейсенова.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 1 қыркүйектен бастап Қазақстан оқушыларын қандайөзгерістер күтетінін айтқан еді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Демалыс уақытында баланың бос уақытын қалай пайдалану керек

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда